Pfizer вакцинасын салдырғандар арнайы бақыланады ма?

Pfizer/BioNTech вакцинасының бустерлік дозасын салдырғанды растайтын құжат көрсетілген видео тарап жатыр. Мұндағы айтылған ақпараттар шындыққа жанаспайды деп хабарлайды Paryz.kz, stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Pfizer вакцинасын салдырғандар арнайы бақыланады ма?
Сурет: Ria.ru

Онда препараттың тіркеу нөмірінде 5G белгісі бар. Кадр сыртындағы дауыс итальян тілінде үшінші рет екпе алғандар 5G-технологиясы арқылы бақыланатынын айтады. 

Итальяндық Facta порталы бейнеролик әзіл үшін жасалған деп отыр. Сондай-ақ 5G символын жазуға қолданылған шрифт құжаттағы басқа ақпарат жазылған қаріптен өзгешеленеді. 

Вакцинация сертификатында көрсетілген 049269018 коды шынайы. Алайда онда 5G белгісі жоқ. Бұл Италия дәрілік хаттар бойынша агенттігінің  Pfizer/BioNTech вакцинасына тиесілі препараттың дербес коды. 

Сәйкесінше, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бустерлік дозасы 5G технологиясының көмегімен бақыланады деуге негіз жоқ. Вакцинация мен пандемияның жаңа ұялы байланыс пішінімен байланысы – ғылыми деректерге қарама-қайшы ойдан шығарылған нәрсе.