Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстандық тісін емдету үшін зейнетақы қорынан 17 млн теңге шешіп алған

Ол имплант салдыру - қалтаға салмақ түсіретін ең қымбат қызмет екенін атап өтті. 

Қазақстандық тісін емдету үшін зейнетақы қорынан 17 млн теңге шешіп алған
фото: ашық дереккөз

"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова зейнетақы қорынан шешілген ең жоғарғы сомманы атады. Ол қазақстандықтар арасында тісін емдету үшін шоттан 17 миллион теңге шешкен тұрғындардың болғанын растады, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ибрагимовадан зейнетақы қорынан медициналық емханалар арқылы қомақты сомманы шешіп алған қаншалықты заңды екені сұралды. Ибрагимованың айтуынша, азамат шоттан ақшаны алу үшін емханамен келісімшарт пен төлем шотын өткізуі тиіс. Ол имплант салдыру - қалтаға салмақ түсіретін ең қымбат қызмет екенін атап өтті. 

Имплантация қымбат болады. Швейцариялық немесе израильдік имплант бар. Сосын 18-19 имплант қойса, 17 миллион теңгенің есепшоты шығуы әбден мүмкін. Банк тіс пен импланттың санын тексере алмайды. Сондықтан салымшыға сенуге тура келеді, - деді Ибрагимова.

Бұдан бөлек, банк төрағасы зейнетақы шотынан алынған ең жоғарғы сомманы атады. Айтуынша, қазақстандық азамат үй алу үшін 162,4 миллион теңге шешіп алған. 

Бұл премиум-класқа жататын баспана болуы керек, - деді Ибрагимова.