Хабарлама авторының айтуынша, оқушылар вакцинациядан кейін бірден ауырып қалған.
WhatsApp мессенджерінде Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында COVID-19 қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өздерін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады деп хабарлайды Paryz.kz, StopFake.kz-ке сілтеме жасап.
Хабарлама авторының айтуынша, оқушылар вакцинациядан кейін бірден ауырып қалған. Бұл - өтірік.
СҚО Денсаулық сақтау басқармасы КВИ қарсы егілген балалардың ауырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
2021 жылғы 21 қарашада Тимирязев ауданы бойынша 9 бала Pfizer (АҚШ) компаниясының Comirnaty вакцинасын салдырған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Тимирязев ауданы білім беру бөлімінің басшысы және Тимирязево мектеп-гимназиясының директоры хабарлағандай, бұл ақпарат расталған жоқ, – деді ведомстводағылар.