Ал жазылып шыққандардың саны 70 863-ке жетті.
13 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz, coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
11.11.2021 ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 102 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 167 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.
2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 81007, 5090 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 70863-ке жетті.