Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Pfizer вакцинасы Қазақстанға қашан әкелінеді?

Осы препаратпен вакцинациялауға ниет білдірушілер жиналып жатыр.

Pfizer вакцинасы Қазақстанға қашан әкелінеді?
фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали Pfizer вакцинасының келу уақыты туралы айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Осы препаратпен вакцинациялауға ниет білдірушілер жиналып жатыр.

Ауызша келіскенімен, бүгін біз Pfizer-дің қазан айының соңында келуін күтеміз. Денсаулық сақтау министрлігі бізге жеткізу кестесін берген жоқ. Қазір емханалармен Pfizer вакцинациясына ниет білдірушілерді жинау мәселесін қарастырып жатырмыз, – деді Лаура Мырзағали.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарларда және СОО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. Екінші компонентпен халықтың ресми санының 43% + жыл басынан ауырып жазылған адамдардың 7%-ы егілді.