Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елордада жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит шықты

Баланың мұрнын тексеру кезінде дәрігерлер оның ішінде де магнит бар екенін анықтады 

Елордада жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит шықты
фото: дереккөз

Елордалық хирургтар асқазаны магнитке толып кеткен жеті жастағы қызды құтқарды, деп хабарлады Paryz.kz, Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен аптада магнитті-резонансты томографиялық зерттеу үшін ауруханаға түскен 7 жастағы қызға операция жасалды.

Баланың мұрнын тексеру кезінде дәрігерлер оның ішінде де магнит бар екенін анықтады. Магнит мұрынның жақтауын зақымдаған.

Осыдан кейін бала рентгендік зерттеуге жіберілді, ол жақта да асқазанда магниттердің жиналғаны анықталды. Нәтижесінде біз 100-ден астам кішкентай магнитті шығардық. Қазіргі уақытта тексеру және емдеу толық көлемде жүргізілуде, – деді аурухананың хирургиялық блогының жетекшісі Ринат Байгиреев.

Дәрігердің айтуынша, егер бала магнитті жұтып қойса, ол өңеште тіреліп қалады немесе асқазанға түседі.

Огромное скопление магнитов в желудке 7-летней девочки

Егер магниттің өткір, үшкір тұстары болса, өңештің шырышты қабаты зақымдануы мүмкін. Ал бөгде заттар асқазанда бірнеше күн жатып қалса, оның салдары ауыр болады. Ол негізінен табиғи түрде өзі шығады. Егер шықпай, асқазанда ұзақ уақыт болса, жағдай қиындайды. Олар асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөліктеріне жабысып қалады. Тіпті перетонит туындауы мүмкін, – дейді маман Нұржанов. 

Өткен жылы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына өңеш, асқазан, асқазан-ішек жолдары және бронхтарға бөгде заттар түсіп кеткен 162 бала көмекке жүгінген. 

Негізінен түйме, моншақ, пульт батареялары сияқты ұсақ заттарды жұтып қойған 1 мен 5 жас аралығындағы балалар келеді. Дәрігерлер шығарған бөгде заттардың 17 пайызы – магниттер. Көбіне мұндай жағдайлар ойнап жүріп, қараусыз қалғанда болады, – дейді хирург-дәрігер Серікжан Нұржанов.