Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Коронавируспен ауырған Тоқтар Әубәкіров жазылып шықты

Бұған дейін журналист Жұмабике Жүнісова ғарышкерге қажетті медициналық көмек көрсетілмегенін хабарлаған болатын. 

Коронавируспен ауырған Тоқтар Әубәкіров жазылып шықты
фото: ашық дереккөз

2021 жылдың тамызында коронавируспен ауруханаға түскен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ауруханадан шығарылды деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

75 жастағы Тоқтар Әубәкіров өткен аптада ауруханадан шықты. Ол қалалық Жұқпалы аурулар орталығында ем қабылдады. Тоқтар Әубәкіровке орташа ауырлықтағы Covid-19 және екі жақты полисегменттік пневмония КT-1 диагнозы қойылды.

Бұған дейін журналист Жұмабике Жүнісова ғарышкерге қажетті медициналық көмек көрсетілмегенін хабарлаған болатын. Ол сондай-ақ Тоқтар Әубәкіров Президенттің мүлікті басқару бөлімінің емханасына бекітілгенін атап өтті. Кейінірек аурухана оның бастапқыда ауруханаға жатудан бас тартқанын айтты.