Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Сіздің есігіңіз жабық қой...": Мұхтар Тайжан министрдің "позорын шашып" тастады

"Бүгін 3 ай болды, бірінші тоқсан да аяқталайын деп қалды, космомониторинг "соқыр", жұмыс істемейді", - дейді ол.

"Сіздің есігіңіз жабық қой...": Мұхтар Тайжан министрдің "позорын шашып" тастады
фото: dalanews.kz

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Ауыл шаруашылығы министрінің "жерді ғарыштан бақылау жүйесі істеп тұр" деген сөзін жоққа шығарды, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik-ке сілтеме жасап.

"Құрметті министр мырза, сіз өзіңіздің баяндамаңызда 1 қаңтардан бастап ғарыш мониторингі республика бойынша істеп тұр дедіңіз. Өкінішке қарай, бұл сөзіңіз шындыққа жанаспайды. Өйткені сіздің шешіміңізбен желтоқсан айында "ИСЖ" ("ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" - Sputnik) деген базаны жауып тастады. Бүгін 3 ай болды, бірінші тоқсан да аяқталайын деп қалды, космомониторинг "соқыр", жұмыс істемейді", - деді Мұхтар Тайжан.

Ал министр Сапархан Омаров ақпарат алғысы келетін адам министрлікке келсін деді.

"Егер біз ақпаратты ашық бермеген болсақ, онда былтырғы космомониторингті қалай өткіздік? Бұл – бір. Екіншіден, космомониторингке керек ақпараттың барлығын беріп жатырмыз. Бірақ сол космомониторингті жүргізіп жатқан қолдау жүйесіне не керек екені белгісіз. Бір ақпарат сұрайды, екінші ақпарат сұрайды, кей кезде бір-біріне қайшы келеді. Келсін бізге, біздің есігіміз ашық. Қандай ақпарат керек, барлығын береміз", - деді ол.

Бірақ Мұхтар Тайжан ондай жауапқа қанағаттанған жоқ. Оның айтуынша, министрдің есігі өзі айтқандай ашық емес.

"Кешірім өтінемін, министр мырза! Сіздің есігіңіз, керісінше, жабық қой. Иә, былтыр космомониторинг жыл бойы жұмыс істеді. Иә, миллиондаған жерлер қайтарылды. Ол рас. Бірақ 15 желтоқсанда бұл ақпарат жабылды. Осы мәселені жиналып шешейік. Өйткені космомониторинг 3 ай бойы істемей тұр. Жап-жақсы істеп тұрған жүйені не себепті жауып тастадыңыздар? Мен кездесуге дайынмын", - деді Мұхтар Тайжан.