Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"300 адам қатысады": екінші рет ұзатылатын Сәуле Әбілдаханқызы карантин талабын білмей ме?

"Айгүл апайым - Айгуль Исмакова мені ұзатып, 30 күн ойын, 40 күн тойын жасайтын болды. Күйеу жігітті уже таңдап та қойыпты", - дейді ол.

"300 адам қатысады": екінші рет ұзатылатын Сәуле Әбілдаханқызы карантин талабын білмей ме?
фото: facebook.com

Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы жақында коронавируспен ауырып, ауруханаға түскенін жариялаған болатын. Енді Instagram-дағы парақшасына өзінің жазылып шығысымен бірден тұрмыс құратынын жазып отыр, деп хабарлады paryz.kz.

Ауруханадан шыға салып қайта ұзатылатынын айтқан журналист, тойы тек Есентай Молда өтетінін ескертті. Бірақ карантин талаптарына қарамастан, тойына бәрібір 300 адам шақырмақ екен.

"Жап-жас, әп-әдемі боп, неғып күйеуге шықпай жүрсің?", "Сіздің бауырыңыз ғой, не өзі алмайды, не өзгеге бермейді" дейін деп... демедім десең иә... Емделіп шыққан бойда Айгүл апайым - Айгуль Исмакова мені ұзатып, 30 күн ойын, 40 күн тойын жасайтын болды. Күйеу жігітті уже таңдап та қойыпты. Такышто, "мә, саған,көбид" дейміз... Тойға дайындала беріңіздер! Ескертемін: той Есентай-Молда болады, 300 адамнан артық кірмейді. Карантин. Бірінші болып тізімделген 300 адам ғана менің шағын ұзату тойыма қатыса алады..." - дейді әріптесіміз.