Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында өзінің өкінішін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Журналист Дәурен Сейітжанұлы мәжілісменге «Парламентте халықтың буын шығару үшін ғана отырмын немесе сол үшін отырғызып қойды деп ойламайсыз ба?» деген сұрақ қойды.
«Жоқ, олай ойламаймын. Егер мені сол үшін отырғызып қойса, онда «былай сөйле, бүйтіп айт, мынаны бүйтпей-ақ қой» деп айтатын еді. Парламентке келерде де, «Аманат» партиясына қосылатын кезде де «жалғыз шартым бар, менен өтірікші жасамайсыздар» деп айтқанмын. Олар сол уәдесінде тұрып келе жатыр, мен де өз уәдемде тұрып келе жатырмын. Партияның, фракцияның ұстанымы болады, онымен белгілі бір жерде келісесің», - деп жауап берді Зайытов.
Бірақ депутат өзінің бір ғана өкініші бар екенін жеткізді.
«Ішімде бір ғана өкініш бар. Бес жыл уақытта шығармашылық тоқтап қалады. Осы екі жылдың өзінде ештеңе жазған жоқпын. Ал былтырғы шығармашылық кешімді кемі 10 жылдық багаждың күшімен өткіздім», - деді Ринат Рифхатұлы.