Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Майраның операсын емес, халықтың операсын тыңдаңыз, Әйтенов!" - Айгүл Орынбек

"Иә, қаламыз мегаполис, мәдени қала болғаны дұрыс, қолдаймын! Бірақ енді аяққа тұрып жатқан қалаға 70 миллионға "Домалақ ана" пьесасы, "Біржан сал мен Сара", Астана балет театырына 194 миллион бөлудің дәл қазір керегі бар ма?" - дейді ол.

"Майраның операсын емес, халықтың операсын тыңдаңыз, Әйтенов!" - Айгүл Орынбек
фото: ашық дереккөз

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған жергілікті шенеуніктерден биыл пандемия өршіп тұрған шақта той-думан үшін неге қыруар қаражат жұмсағалы жатқандарын сұрады, деп жазды paryz.kz.

"Майраның операсын емес, алықтың операсын тыңдаңыз, Әйтенов! Неге бүкіл атақты әнші, күйші, бишілер Шымкентке көшіп жатыр десем, бюджеттен бөлінуге сұрап отырған ақшаны көріп, енді түсінгендей болдым. Бәсе, балға үймелеген аралар сияқты бәрі Шымкенттен неге шықпай қалды деп қоям, сөйтсем миллиардтарда екен ғой, мәселенің бәрі! Әйтенов мырза, италияндық режиссер Джованийге қанша гонорар бердіңіз? Италия азаматы қайрымдылық жасап, пьеса қойып жүр деп айтпайтын шығарсыңдар енді? Иә, қаламыз мегаполис, мәдени қала болғаны дұрыс, қолдаймын! Бірақ енді аяққа тұрып жатқан қалаға 70 миллионға "Домалақ ана" пьесасы, "Біржан сал мен Сара", Астана балет театырына 194 миллион бөлудің дәл қазір керегі бар ма?" - деп мәселені төтесінен қойды заңгер.

Оның айтуынша, Шымкентте әлі күнге дейін суы, жарығы, тіпті барар жолы жоқ жаңадан қосылған аудандар бар. Соның салдарынан жергілікті жұрттың ашу-ызасы шегіне жеткен көрінеді.

"Күнде халқы көмек сұрап, опера айтып жатыр маған. Сізге сол халықтың операсы жетпей ме өзі? Иә, соғыс кезінде де ән айтқан апаларымыз, бірақ миллиондаған қаржыға емес! Әлі белгісіз, алда не болары. COVID-19 өзін жаңа қырынан көрсетіп, көбейіп жатыр. Локдаун болуы әбден мүмкін деп өздеріңіз жалпақ жұртқа жар салып, бірақ аямай миллиондарды той тойлауға шашып жатқандарыңызды қалай түсінсек болады? Наурыз тойын тойлауға 322 миллион бөлуді сұрапсыздар, көп емес пе? Әлде бүкіл Қазақстанның әншілерін тойдырайын деп жатсыздар ма? Той жасаған 100 адамға айыппұл саласыңдар, өздерің 200-ге жуық көрермен жинап, "Домалақ ана" пьесасын көресіңдер! Істерің мен сөздерің сай келмейді!" - деді Айгүл Орынбек.

Осы орайда ол жергілікті депутат Нұрғазы Бұхарбайды тегтеп, оның да қолы қойылған қағазда неге сонша қаражат қажет болғанын ашық түсіндіруін сұрады.