Белгілі журналист, қоғам қайраткері Сәуле Әбілдаханқызы 15 жасар қызға үйленіп, жүкті еткен 21 жастағы қызылордалық жігітке араша түсті, деп хабарлайды paryz.kz.
Журналист бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Мына соттың есі дұрыс емес шығар… Нағыз педофилдерді соттаңдар, мықты болсаңдар!.. Қыздарды екіқабат қып тастап кететіндерді, аборт жасауға мәжбүрлейтіндерді, балаларын тірі жетім етіп тастап кететіндерді соттаңдар, мықты болсаңдар!... Педофил деп — жасы қыздан 10 жастан үлкен, 30дан жоғары маньяк біреу зорлап тастап кеткен болса айтуға болады… Бұлар — әп-әдемі, бір-бірін сүйген, бәлкім, биологиялық тұрғыда ертерек жетілген қатарлас, шамалас жастар ғой.
Үйленген екен, мешітте некесін қидырған екен, аяғы ауыр екен, олай болса, уақытын күтіп, Неке куәлігін бермейсіңдер ме одан да?!… Тупизм… Небәрі 21 жастағы мөлдіреген тап-таза, жәудіреген жап-жас баланы «педофил» деп соттай салу үшін, өмірін тас-талқан ете салу үшін қандай оңбаған, қандай жауыз, қандай топас сот болу керек???... Ол соттың өзі нешеде екен, бала-шағасы, ұл-қызы бар ма екен? Құдайдан қорықпайтын айуан ба әлде? Қайтарыңдар, жас балалардың тағдырын сындырмай!!!… Одан да жастардың үйленгеніне, отау құрғанына қуанбайсыңдар ма, бақыт тілемейсіңдер ме, шәкпастар???!!!… Бұл күнге жете алмай кеткен жас қанша! Ромео мен Джульетта да бір-біріне ғашық болғанда 14-15 жаста болған….», — деп жазды ол.