Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Талдықорған әкімдігі Жұматай Жақыпбаев пен Ғали Ормановты ажырата алмаған

Демек, Талдықорған қаласының әкімдігі облыс басшысы Амандық Баталовтың тапсырмасын әлі де толық түсінбеген сыңайлы...

Талдықорған әкімдігі Жұматай Жақыпбаев пен Ғали Ормановты ажырата алмаған
фото: коллаж

Талдықорған қаласының әкімдігі желідегі ресми парақшасында "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған мақалаға жауап берді, деп хабарлады paryz.kz, басылымның сайтына сілтеме жасап.

"Егемен Қазақстан" газеті №25 санында "Ақынды елі елемесе, сол қайғы..." атты мақала жариялап, ақын Жұматай Жақыпбаевқа өзі туып-өскен Талдықорған қаласынан көше және кітапхананың атын беру туралы мәселе көтерген. Нәтижесінде, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары С.Арзанбекова Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Б.Керімбекке ақынға көше беру туралы жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлаған. Әйтсе де, Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми инстаграм парақшасына (taldykorganakimat) Жұматай Жақыпбаевтың суретін салып, мақалаға жауап ретінде ақын Ғали Ормановқа көше беру туралы ұсыныс хат түспегені айтылған. Яки, қала әкімдігі Жұматай Жақыпбаев пен Ғали Ормановты ажырата алмай отыр.

"Талдықорған қаласының әкімдігі "Егемен Қазақстан" газетіндегі "Ақынды елі елемесе, сол қайғы..." атты басылымға жауап ретінде келесіні хабарлайды. Талдықорған қаласының әкімдігі бүгінгі күнге дейін «Талдықорған қаласындағы №4 орта мектепке белгілі ақын Ғали Ормановтың есімін беру туралы» ресми ұсыныс хаты түспегенін және ұсыныс түскен жағдайда қолданыстағы заңнама талаптарына сай тиісті онамастика комиссиясының қарауына жолданатындығын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Демек, Талдықорған қаласының әкімдігі облыс басшысы Амандық Баталовтың тапсырмасын әлі де толық түсінбеген сыңайлы. Қазақ әдебиетінің алып тұлғалары Ғали Орманов пен Жұматай Жақыпбаевтың кім екенін білмейтін әкімдік осылай ұятқа қалып отыр. Сонда қала әкімі орынбасарының сөзі жалған болғаны ма?

Ал Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасына қазақтың айтөбел ақыны Жұматай Жақыпбаевтың есімі берілсе деген ақын-жазушылардың ұсынысына әлі ресми жауап қатпаған.