Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Мектеп құрылысын салуды кәсіпкерлерге беру керек»

Экс-сенатор Мұрат Бақтиярұлы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында қазіргі бюджет тапшылығының қорқынышты жағдайда тұрғанын, оны ықшамдауды мектеп құрылысынан бастау керегін айтты. 

«Мектеп құрылысын салуды кәсіпкерлерге беру керек»
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Оның айтуынша, қазіргі бюджеттегі жетіспеушілік екі есе ұлғайған.

«Үкімет бюджетті оңтайландырамыз дейді. Біздің мемлекеттің жылдық қаржысы 15 трлн, ал, негізгі қажеттілік 32 трлн. теңгеге жоспарланған. Оны тез арада ықшамдамаса болмайды. Сол ықшамдауды мектеп құрылысынан бастау керек. Қазір мемлекет 8 млрд-қа салатын “Жайлы мектеп” құрылысын кәсіпкерге берсек, ол 3 млрд-қа салуы мүмкін. Менің көзім бұған анық жеткен. Ал, білім беру бағдарламасын қадағалауды, мемлекеттік стандартқа негізделуін үкімет қатаң қадағалауы керек. Еуропада, шет мемлекеттерде мектептер мемлекеттік немесе жеке деп бөлінбейді”, —деді Мұрат Бақтиярұлы.