Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Дәулет Мұқаев: Депутат - халық пен Үкімет арасындағы көпір

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев  «Не может быть/Мүмкін емес» подкаст студиясында берген сұқбатында халықтың депутаттарға қатысты көзқарасын түсіндірді.

Фото ашық дереккөзден

 "Халық депутаттардың барлық мәселелерді шеше алады деп ойлайды, бірақ шын мәнінде, барлық проблемаларды шешу мүмкін емес екенін біз де түсіндіреміз", - деді ол.

Ол азаматтардың наразылықтарын да атап өтті: "Мысалы, менде екі миллион кредит бар, соны жабуға көмектесіңізші, алаяқтарға алданып қалдым' деп келетін адамдар бар. Бір кісі кәсібінен айырылып, соттың барлық инстанцияларынан жеңіліп, өзі келісімшартқа қол қойғанын естен шығарған. “Қалай қол қойғаным есімде жоқ” дейді ол азамат. Алайда әр адамның өз шындығы бар, біз сот емес екенімізді білуіміз керек. Сот екі тарапты тыңдап, өзі шешім шығарады", - дейді студия қонағы.

Дәулет Мұқаев депутат Үкімет пен халық арасындағы көпір ретіндегі рөлін баса айтты.

"Астана қаласындағы өзекті мәселелер, әсіресе үлескерлер, мектептер мен жолдарға қатысты сұрақтар жиі қойылады. Сонымен қатар, су, жарық және жылу мәселелері де өткен жылы назардан тыс қалған жоқ. Алайда олар толықтай шешілді. Мен бұл туралы халыққа ақпарат жеткізіп, әлеуметтік желілерде жариялап жүрмін", - деп ойын қорытты депутат.