Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Еркелік емес, ақымақтық»: журналист Мақпал Жүнісоваға шүйлікті

Журналист әрі қоғам  белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы әнші Мақпал Жүнісоваға шүйлікті. Ол үлкен жастағы кісілердің ерсі қылықтарын айтып, сынға алды, деп жазды Paryz.kz.

«Еркелік емес, ақымақтық»: журналист Мақпал Жүнісоваға шүйлікті
Фотоколлаж Kyn.kz

Айтуынша, үлкен жастағы әйелдердің ерсі қылықтары сырт көзге түрпідей басылады. Ол өнердегі Мақпал Жүнісова секілді жалғыз қалған басқа да әншілерді тізіп шықты.

«Жалғыз қалған әйел, әнші, ақын, жазушы, өнерпаз аз ба? Бағланова, Төлегенова, Рымбаева, Есқалиева, Нұрмағамбетова, Құлышева, Самединова, Бибіажар... Әншілерден басқа, театр артистері қаншама! Ақын қыздар мен жазушы, журналист қыздар қаншама! Еркеліктің де жөні болады. 60-тан асқанша «ерке қызбын» деп, шолжаңдау - еркелік емес, ақымақтық... Тойда салбыраған мойындары мен қолдары, омыраулары мен қолтықтары ашық-шашық боп, шошаңдап билейтін кемпірлерді көрсем, құдай соларға титімдей сана бермегеніне жаным ашиды. Кеше сондай бір видео көрдім, былшиған кемпір ашық-шашық киініп, шошаң-шошаң етіп жүр. Еп-ерсі. Жарасса қане!.. Жүрегің айниды. Ондай кемпірлер де, видеолар да аз емес. Оларға "о, неткен күшті би!.. О, неткен ритм!.." деп, ештеңенің байыбына бармайтындар қол соғып, тамсанып отырады... Жас болса, бір жөн, "е, жас қой, жастық шақ сонысымен қызық та" дейсің де қоясың.

Кәп-кәрі кемпірлерге не жорық? "Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" дейтін қазақ едік. Қазір бір тойдан жүлдеге бір боқ-дүние ұтып алу үшін іркілдеп, селкілдеп, жерге жата қалып, бар әбүйірін ойрандай ашып, бар абыройын айрандай төгіп, сол приз үшін өліп кете жаздайтын болыпты. "Ұят болады" деген тәрбиенің, әдептің нағыз темірқазығынан айырылып қалдық... Ұят түгілі, масқара болса да, бүлк етпейтін болды... Әр жастың өзіне лайық әдебі болмаса, қиын... Әдемі қартайғанға не жетсін!.. Әсіресе әйел адамға...», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Совет эксперта: Казахстан должен переориентироваться на клиента для устойчивого роста Совет эксперта: Казахстан должен переориентироваться на клиента для устойчивого роста «Перуашовтың үстінен қылмыстық іс қозғау керек»: Айгүл Орынбек «Ақжол» партиясының мүшелеріне үндеу жасады «Перуашовтың үстінен қылмыстық іс қозғау керек»: Айгүл Орынбек «Ақжол» партиясының мүшелеріне үндеу жасады Как работает экстрадиция между соседями на практике и кого выдают друг другу Казахстан и Россия Как работает экстрадиция между соседями на практике и кого выдают друг другу Казахстан и Россия «Устал концы с концами сводить». Истории казахстанцев, уехавших на заработки в Россию «Устал концы с концами сводить». Истории казахстанцев, уехавших на заработки в Россию Вице-адмирал высказался о «политике» минобороны во время «Кантара» Вице-адмирал высказался о «политике» минобороны во время «Кантара» «Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, не болмаса мен өлемін»: Вице-адмирал Жанұзақов сотталғанда қандай күйде болғанын айтты «Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, не болмаса мен өлемін»: Вице-адмирал Жанұзақов сотталғанда қандай күйде болғанын айтты «Не все так гладко». Насколько умело Казахстан смог перестроить экономику с начала войны в Украине? «Не все так гладко». Насколько умело Казахстан смог перестроить экономику с начала войны в Украине? Как магазины низких цен вытесняют с рынка карагандинских производителей – и при чем здесь Россия? Как магазины низких цен вытесняют с рынка карагандинских производителей – и при чем здесь Россия? Жительницу ВКО осудили за фиктивную справку о беременности Жительницу ВКО осудили за фиктивную справку о беременности