Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қазақстандағы ақындар қашан шетелдегідей өмір сүреді?

Ақындар авторлық қоғамдардың жұмысына наразы

Авторлардың құқықтарын ешкім елемейді деп, ақындар Paryz.kz редакциясына шағымданып жатыр. 

Қазақстандағы ақындар қашан шетелдегідей өмір сүреді?
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Заң бойынша әнші ән жазғаннан кейін, клип түсіретін кезде, сазгер мен ақыннан нотариально рұқсат сұрауы керек, ол ақшалай төлену қажет, бірақ іс жүзінде бұндай нәрселер жүрмейді. Одан бөлек, туындыны кинода қолданайын деп жатқанда да, бірінші кезекте, әншілерден емес, авторлардан рұқсат сұрау керек.

Әлеуметтік желілілерде де, Youtube, Вконтакте, Tiktok, Itunes, Apple music-те де әндері орындалып жатқан авторларға ақша түсу керек.

Авторладың айтуынша, авторлық қоғамдардың болуы жемқорлыққа орын беріп отыр. Мүмкін, сол авторлардың гонорарлары қауымдастықтың басшылығының қалтасына түсіп жатқан шығар деген күдік бар. Неге мемлекет тарапынан ешқандай қадағалау жоқ? 

Елімізге авторлардың құқықтарын қорғайтын орталықтандырылған, мемлекеттік жүйе керек. Шетелдерде авторлар тек шығармашылықпен айналысып, сол үшін қомақты қаражат алып, «налогтарын» төлеп, ресми түрде «жақсы» өмір сүреді. Ал Қазақстандағы авторлар қосымша жұмыс істеуге мәжбүр, өйткені авторлық қауымдастықтардың жұмысы реттелмеген.

ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары Гүлнара Кәкеннің айтуынша бұл өте күрделі сұрақ.

«Авторлардың құқығын қорғау қазір жиі көтеріліп жатқан тақырып, көбінесе көтерілетін мәселелер авторлық қоғамдардың жұмысына қатысты. Авторлық қауымдастықтардың жұмысы заңмен қарастырылған. Биыл мәжілісте зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша заң жобасы талқыланатынын айту керек. Бір топ депуттар мәселені көтерді, авторлар көтеріп жатыр. Бірақ, бұл ұйымдар (авторлық қауымдастықтар) сол авторлардың өздерімен, әншілер, сазгерлер, ақындар басы қосылып, құрылған. Сондықтан, бұл жерде сол ұйымдардың жұмысын нақты әрі жүйелі жүргізу сол авторлардың өздерінің мойынында», - деді Гүлнара Кәкен.

Әділет министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Талғат Уәлидің пікірінше, көбінесе авторлық құқыққа талас тек бір жағдайда туындайды.

«Бізде, көбінесе, авторлық құқыққа талас қашан шығады? Ол ән хит болып кеткен кезде, ол киноға «шығып» кеткен кезде ғана, «ол менің әнім еді», деп өзінің авторлық претензияларын айтады. Сондай нәрселер болмас үшін кез келген өлеңнің, жырдың, әннің иесі, композитор болсын, ақын болсын, міндетті түрде сол авторлық құқығын тіркеп, өзінің атына тиесілі екенін заңмен реттеп алу керек. Содан кейін ғана ол гала концерттерде орындалатын ән болатын болса, ол өзінің претензиясын қоя алады. Егер ол ән тіркелмеген болса, ән хит болмаған болса, сұранысқа ие болмаса, әрине, бұндай жағдайда ешкім претензия қоймайды. Кез келген ақын әділет министрлігінде осыны реттейтін арнайы құрылымдық мүшелер бар, соған тіркелу керек. 

Тіркелген болса, бірінші, авторлық қауымдастыққа шағымданады, егер ол заңдық тұрғыдан реттелмейтін болса, әрине, ол кезде іс сотта қаралатын болады», - деді департамент басшысы.