Елімізге танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Instagram-дағы парақшасында Қазақстан қоржынына дзюдодан тарихи алтын медаль сыйлаған Елдос Сметовті сынға алды, деп хабарлайды paryz.kz.
"Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: "Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін" деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым! Менің міндетім – Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу!
Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін!
Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт! Спортшысың ба? Жаттықтыр!", - деп жазды ол.