Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Арақ ішіңдер, сәләфиттер азайсын!» - Айгүл Орынбек өзін «алқаш» дегендерге жауап берді

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзін алқаш деп сынағандарға жауап берді, деп жазды Paryz.kz.

«Арақ ішіңдер, сәләфиттер азайсын!» - Айгүл Орынбек өзін «алқаш» дегендерге жауап берді
Фото: Aigul Orynbek инстаграм парақшасынан

“Бір имамды көріп қалыпсың, өзің де ішесің ғой алқаш”, деп шарап ішіп отырған суретімді салып жіберіпті! Шарап ішкендер алқаш болса, оранып алып “минет жасау харам емес”, деп уағыз айтып жүргендер кімдер? Иманнан жұрдай, ауыздарың әжетхана болып кеткен шайтандар!

“Мен ішпеймін”, “Мен періштемін” деп айтып па едім сендерге?! Мен шарап ішетінімді осы желіге кіргелі бері жазып келемін! Оны жасырмағам, жасырмаймын да!

Орамалға оранып аузыма Алланы алып елдің бәрін алдап, уағыз айтып сабақ сатып жүргенім жоқ! Сендер сияқты интернетте періште, өмірде шайтан емеспін! Мен орамалға оранып, намаз оқып жүрген болсам мейлі екен мені іштің деп сөгетін?! Ал Алла үйінде отырып, елге уағыз айтып жүрген адам ішкені бұл енді - қылмыс!

Тіпті ішіп алып көлік айдағаны екі есе қылмыс! Мен шарап ішкенмін, іше де беремін, ішіп тұруға да кеңес беремін! Сол үшін алып қойыңдар, сәләфиттер азайсын!", - деп жазды Айгүл Орынбек.