Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Активтердің елге қайтарылып жатқанына дәлел жоқ – Ринат Заитов

Қазақстанның белгілі мемлекет және өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Ринат Заитов «Мүмкін емес/Не может быть!» YouTube арнасына сұхбат беріп, елге қайтырылып жатқан активтер қатысты күмәні бар екенін айтты. 

Активтердің елге қайтарылып жатқанына дәлел жоқ – Ринат Заитов
Кадр из видео

«Үлкен күмәнмен қараймын бұл сұраққа. Себебі, активтерді елге қайтаруға бізді ешкім қатыстырып жатқан жоқ. Ол жайлы есеп беріп жатқан да ешкім жоқ. Халық түгілі, Парламентке де ешкім есеп беріп жатқан жоқ. Бәрі құпия түрде, кімнен ақша қайтарып жатыр, кім кімге беріп жатыр, ол ақша қайда кетіп жатыр, одан біз бейхабармыз. Сондықтан, бұл жұмыстан нәтиже болады дегенге мен күмәнмен қараймын. 

Қазақстанның ең үлкен проблемасы бізде қазір бағыт-бағдар беретін ұстаным жоқ. Интернеттен біреу шығады, «Ой-бай, мынау деген сұмдық екен» деп, қолында ешқандай дәлелі жоқ. Біздің бала құқықтары туралы заң сондай болып жатыр ғой қазір, ЛГБТ өкілдеріне мүмкін беретін заң дейді. Ол заңның жазылуына біз қатысқанбыз, өтірік айтпасыншы. Сол сияқты біреу отырып алса, астына кетеді халық: «ой, мынау, Президент болатын адам» деп. Одан кейін бізге келеді «Анау неге солай, сендер айтпай жатырсыңдар» деп. Қайсы біріне айта бересің сен ақымақсың деп?!», - деп ойын қорытты депутат.