10.05.2024, 11:18

«Сталинді қаралауға болмайды, ол Қазаққа автономия сыйлады» - тарихшы

Сталинді қаралауға болмайды, ол Қазаққа автономия сыйлады. Бұл туралы тарих ғылымдарының кандидаты Дәметкен Сүлейменова «Sadaq media» арнасының жаңа жобасы – BEZBEN дебатында айтты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Тарихшының айтуынша, Сталинді қаралау деген бос әңгіме.  

«Егер де біз дәл Сталиннің кезіндегідей оқиғаға тап болсақ, қандай болар едік. Сталин елді біріктірді, халықтың басын қосып, фашизмді талқандауға бар күшін салды. Ол кісі қатыгез болған шығар, рас қатал болды, бірақ ол түгел совет халқын жеңіске жеткізді. Халық оған сенді, «көсеміміз» деп артынан ерді. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сталиннің еңбегін жоққа шығаруға болмайды. 

Сондай-ақ ол фашизм мен Кеңестер одағын салыстырудың үлкен қателік екенін айтады.  Гитлер бастаған фашистік жүйенің тек еуропа ғана емес, Сібірге дейінгі аумақты түгел басып алуды мақсат тұтты.

Ал Сталин күллі совет халқының басын қосып,  фашизмге тоқтау қойды, жеңіске жеткізді. Кеңестер одағы қазақ даласын басып алған жоқ. Басып алмақ түгілі Қазаққа автономия сыйлады», - дейді Дәметкен Сүлейменова.  

BEZBEN дебатында КСРО-Герман соғысын «Ұлы Отан соғысы» деп дәріптеу дұрыс па, әлде ІІ Дүниежүзілік соғыс деп атау дұрыс па деген мәселе көтерілген.  

Тарихшының қарсыласы журналист Серік Хасенов.