Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«Бесіктегі бала күлетін жағдай»: Ермұрат Бапи Самат Әбішке берілген жаза жайлы айтты

19 наурызда әлеуметтік желідегі парақшасында депутат Ермұрат Бапи Самат Әбіштің шартты түрде сотталғанын хабарлады. Ол бүгін журналистерге бұл мәліметті «Дат» газетінен алғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бесіктегі бала күлетін жағдай»: Ермұрат Бапи Самат Әбішке берілген жаза жайлы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Депутат бұл басылым редакциясына түскен инсайдерлік ақпарат екенін атап өтті.

Ермұрат Бапидың айтуынша, Самат Әбішке тағайындалған үкімді ол күлкілі жағдай деп есептейді.

«Соңғы отыз жыл өмірімде Қазақстан тарихында болмаған. 2005-2006 жылдары 6 жыл шартты мерзімге Мырзахметовты соттаған. 8 жылға шартты мерзім деген бесіктегі бала күлетін жағдай», – деді депутат.

Журналистер одан «Назарбаевтың туысы болғаннан кейін осындай шешім қабылданды деп ойлайсыз ба?» деп сұрады.

Мәжілісмен осындай шешім шыққаны міндетті түрде Назарбаевтың немере інісі болғаннан кейін, екіншіден біз «Ескі Қазақстаннан» әлі де алыстап кете алмағанымыздың белгісі деп санайтынын атап өтті.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш билікті асыра пайдаланды деген айыппен 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.