«Депутат болып қор болып жүрсің»: Зайытовтың кешінде Толықбай халықты таңғалдырды

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Алматыда "Абайлаңыздар" атты поэзиялық-ән кешін өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Депутат болып қор болып жүрсің»: Зайытовтың кешінде Толықбай халықты таңғалдырды
Фото: Baq.kz

Зайытовтың шығармашылық кешінде сахнаға шыққан депутат Мақсат Толықбай ерекше дауысымен көрерменнің көзайымы болды.

Ринат Зайытов залда отырған әріптестерінің арасында ән айтатындары да, өлең шығаратындары да бар екенін айтып, Мақсат Толықбайды сахна төріне шақырды.

Сахнаға шыққан Толықбай жанды дауысты қонақтарға ән шырқап берді.

Депутаттың ән шырқап тұрған видеосы әлеуметтік желілерде талқыланып, қолданушыларды депутат ерекше дауысымен тамсандырды.

"Жарайсың, дауысың керемет", "Не деген дауыс, әншілер өшті", "Керемет жанды дауыс. Сіздің алдыңызда Төреғали, Қайрат демалады ғой", "ХХІ ғасырдағы Алаштың ардақтылары. Қазақтың қамы үшін аянбай еңбек ете беріңіздер!", "Ой Мәке, депутат болып, қор болып жүрсің ғой мына дауыспен", "Ғанибет қой дауысы", "Керемет! Қазағымның жан-жақты, білімді, өнерлі азаматтары аман болсын!", - деп, оқырмандар пікірлер қалдырып жатыр.