Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ерболат Беделхан: Қазақстанның Канадамен проблемасы бір

Ерболат Беделхан Adal Adam YouTube-арнасына берген сұхбатында Қазақстан мен Канадаға ортақ мәселе туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ерболат Беделхан: Қазақстанның Канадамен проблемасы бір
Сурет: Almaty.tv

«Мәдениет – бүкіл ұлттық болмысты қамтамасыз ететін құрал. Мәселе, тек қана тілде емес. Біздің ет жейтініміз, көшпенділер екеніміз қалай сақталды. Қазақ тілдің ішінде жетті. Тілді өзіміз өз орнына қоймайынша, біз ешқашан дамымаймыз. Кореямен бір нәрсені салыстыру керек, Кореяның ең күшті дүниесі – 98,8% мононационалдық мемлекет, Кореяда тек кәрістер тұрады. Өз ұлтын қатты сақтап қалған. Тілдің арқасында сақтап қалған. Басқа мемлекетпен бізді салыстырайық. Канадамен біздің проблемамыз бір. Оларда да екі тіл — француз тілі, ағылшын тілі. Өздерінде шоу-бизнес нарығы, рухани нарық жоқ. Бүкіл экспансияны сол америкалықтар алып қойған. Канада үлкен мемлекет, экономикасы мықты емес пе?! Бірақ, ештеңе істей алмайды. Өйткені, тіл проблемасы. Рухани азық, рухани идентификациясын анықтайтын құрал жоқ. Ал бізде, қазақта бар емес пе?! Соны өзіміз көре алмай, соқыр болып жүрміз. Мен Қазақстан азаматы ретінде қолымнан не келеді, соны істеймін - басқа ештеңе айтпаймын. Қазақ тілі тек маған керек, өзім үшін жауап беремін», - деді продюсер.

Оның айтуынша, мәдениет астында субмәдениет жатыр. Субмәдениет, музыка саласын алып қарайтын болсақ, ол – рок, рэп, блюз, rnb деп бөліне береді.

«Субмәдениет - музыкалардың саласына қарай өзіңнің жан-тәніңе не жетіспейді әрі не саған ұнайды соған байланысты болады. Ол адамзатқа не үшін керек. Сол халықтың ортасынан таба алмаған дүниесін музыкадан табады. Мен өзім хип-хоптан шыққан баламын. Мен кейпопты алып келген жоқпын. Менің алып келгенім q-pop, қазақ поп. Қазақ поп индустриясы», - деді Ерболат Беделхан.