Оның айтуынша, бұл шешімге халық қарсы шықпайды.
Хиджаб киюге де тыйым салынуы керек. Біздің тәлімгерлік туралы заңның ішіне енген мектептегі бірыңғай форма қатаң сақталуы қажет. Бұның бәрі сол радикалды топтар, сол элементтер арқылы біздің қоғамға іріткі салмаса болмайтын әрекет еді. Мен де басында қарсы емес едім. Кім немен барады, нелерің бар дейтінмін. Бірақ қазір соны арнайы пропаганда ретінде пайдаланады, өздерін даралау мақсатында пайдаланады. Бұған тоқтау қою керек, - деді депутат.