Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Сайқымазақ Қабатов»: Дулат Исабеков өзінің пьесасын рұқсатсыз қойған театрға ренішін білдірді

Жазушы, драматург Дулат Исабеков әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жетекшілік еткен Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театр ұжымына ренжулі. Қаламгер тіпті адвокат жалдап, оларды сотқа бермек болған, деп хабарлады Paryz.kz.

«Сайқымазақ Қабатов»: Дулат Исабеков өзінің пьесасын рұқсатсыз қойған театрға ренішін білдірді
Фото: видеодан скриншот

Жанжалдың себебі – жазушының туындысы.

«Ескерткіш» деген әңгіме жаздым. Ол пьеса болды. «Бонапартың үйленуі», «Енді қайттік?» сияқты біраз шығармалар дүниеге келді. Кеңес үкіметінің ұраншылдығы осы шығармаларды жазуыма мәжбүр етті. Ұран, жалған ақпарат, бұл әлде де бар емес пе бізде? Ол мен үшін мәңгі тақырып», — деді жазушы.
Астанадағы Мәмбетов атындағы театры да «Ескерткіш» пьесасын сахналаған. Алайда жазушы аталған шығармашылық ұжымның өзінен рұқсат сұрамағанына және пьесаны қалай болса солай қойғанына ренішін білдірді.

«Астанадағы Мәмбетов атындағы театрдың жетекшісі баяғы Қабатов, күлдіріп жүретін жігіт бар ғой, сайқымазақ. Адвокат жалдап, сотқа берем дедім. Төрт жыл бойы маған айтпай, қойғансыңдар. Мынау масқара. Көрермен Дулат Исабеков не жазып кеткен дейді ғой. Қайта мен Абай каналынан көріп қалдым. «Төрт жыл бойы неге менен рұқсат алмайсыңдар?» — дегем. Үлкен скандал. Ана күні келіп қайтадан договорға отырып, басқа режиссерге беріп, қайтадан қояйын деп жатыр. Қайтадан қойыңдар, мен барып көремін дедім. Егер де тағы да бұзатын болсаңдар, онда преступная обработка, преступное изменение текста деген бар. Кейбір изменениялар болады. Басқалар келеді де келіседі, ал сендер келіспейсіңдер. Сұмдық қой мынауларың. Италиядан келген режиссерлар үйімде жеті-сегіз сағат отырып сөйлесті Түркістанда «Бөртені» қалай қоямыз деп. Ал сендер әшейін аласыңдар да қоя саласыңдар», - деді жазушы.