Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Екі жүзді емес, мың жүзділер!»: Айгүл Орынбек Балғынбек Имашевқа шүйлікті

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook-тегі парақшасында «Мен «Дикий Арманды» танымаймын, ондай жігіттің барын да білмеймін» деп айтқан ақын Балғынбек Имашевқа шүйлікті, деп жазды Paryz.kz. 

«Екі жүзді емес, мың жүзділер!»: Айгүл Орынбек Балғынбек Имашевқа шүйлікті
коллаж: Paryz.kz

Егер «Дикий Арман» билік басына келгенде солардың алдында сайрап, одаларын осы уақытқа дейін айтып жүрер еді. Құдай сақтап еліміз аман қалды. Ал Бекболат бастаған көштің жүйкелері жұқарып, «Арманды енді танымаймын», деп отыр. Екі жүзді емес, мың жүзділер!,- деп жазды қоғам белсендісі.

Айта кетейік,  Балғынбек Имашев «Дикий Арман» Ыстанбұлда жүргенде алдында тұрып, домбырамен мынадай арнау айтқан болатын:

«Адамзаттың ақылы талғамда тұр,
18-қабаттан биік шығып,
Абадандар мінекей заңғарда тұр.
Осындай азаматтар құрметіне
Балғынбек жырдан шашу арнап жатыр.
Бодан болып, арманы өлген қазағымның
Арманын тірілтті ғой Арман Батыр».