Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Алмасбек Садырбаев дебат жасаймын десе, дайынбыз»: «Ауыл» партиясының өкілі халық сынына жауап берді

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының өкілі Анас Баққожаев «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұхбатында халық тарапынан партияға тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Алмасбек Садырбаев дебат жасаймын десе, дайынбыз»: «Ауыл» партиясының өкілі халық сынына жауап берді

- Парламентке келгенге дейін партияда жарна болмады. Ірі кәсіпкерлер мен фермерлердің қаржылай қолдауымен қалыптастық. Сондықтан партияға жарна төлемей, тек мүше болған адам «Неге мынау жасалмай жатыр?» деп сынауына негіз жоқ. Сонымен қатар партия мүшесі емес адам партияға талап қоя алмайды. Халық өтініш немесе сұрау жасай алады, — деді Анас Баққожаев. 

Сондай-ақ  партия мүшесі «Шопан ата» ұлттық агро-қозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбаевқа қатысты да пікір білдірді. 

- Ол азамат бізге кемінде аптасына бір келеді. Салаға қатысты жұмысшы топтардың ішінде  Дайрабаев, Зейнуллин, Саурықов, мен де бармын. Егер шынымен талқылайтын мәселе бар болса, сол жерде-ақ талқылар едік. Ол кісі де, біз де бір саладамыз. Ол партияның Парламентке дейінгі кезеңін сынауға моральдық құқы жоқ. Егер Алмасбек Садырбаев ауыл шаруашылығы саласында пікірсайыс жасаймын десе, біз дайынбыз. Алайда партия кінәлі, жұмыс істемейді деп ешкім, ешқашан айта алмайды, — деді А.Баққожаев.