- Кинода орыс халық өкілдерін ұсқынсыз, жат бейнеде көрсеткен. Әрине, Ресей патшалығы билігін жүргізді. Алайда біз ертеңімізді ойлауымыз керек. Егер Ресей империясының халқымызды қырғанын қайта-қайта көрсетсек, Армения мен Әзербайжан халқы секілді халке жетуіміз ықтимал. Ұлтаралық жағдай өте нәзік тақырып. Ақылмен қимылдауымыз керек – деді ол.
Сондай-ақ саясаткер Ресейден «сақтанудың» жаңа әдісіне көшу керек деген пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан заман талабына ілескенде ғана көршілермен тең дәрежеде саяси қадам жүргізе алады.
- Біреулер «орыспен дос болсаң, айбалтаң жаныңда болсын» деген пікірді айтады. Алайда бүгін айбалта кәдеге аспайды. Ресей – ядролық қаруы бар мемлекет. Соны ескеруіміз керек. Мажарстан президенті Виктор Орбан «біреумен дос болсаң, қалтаңда компьютер немесе калькулятор болу керек» деген ой айтып еді. Сондықтан РФ, ҚХР-мен де бейбіт қарым-қатынаста болу керек, – деді саясаткер.