Бекболат Тілеухан: Зайытов, Бәпи, Аралбай – бәрі популист

Экс-депутат, қоғам қайраткері, бүгінде Түркияда тұрақтап жүрген әнші Бекболат Тілеухан Парламент мәжілісінің депутаттарын популист деп айыптады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бекболат Тілеухан: Зайытов, Бәпи, Аралбай – бәрі популист
Коллаж: sn.kz

Өмірі болмайтын түсінікті нәрсе. Ашық популизм. Аңғал жұртты (...) . Ринат Зайытов, Ермұрат Бәпи, Нартай Аралбай – популист,  өте популист. Көріп отырсың ғой. Жалақының өмірі 300 мың теңге болмайтыны түсінікті ғой (Ринат Зайытов бұған дейін Қазақстандағы ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек деген еді). Өмірі болмайды ғой, - дейді журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында.

Сұхбаттың үзіндісімен бөліскен Нұрсейіт Жылқышыбай: "Біраз сұрақ қойылды.... Сұхбатты күтіңіздер, достарым" деп жазба қалдырған.