Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Белгілі заңгер Балғынбек Имашевтан жұрттан жинап алған ақшаны қайтаруын талап етті

Белгілі заңгер, құқық қорғаушы Айгүл Орынбек Балғынбек Имашевтан жұрттан алдап алған ақшасын қайтаруын сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы.  Бұл туралы заңгер инстаграм парақшасында жариялаған еді. 

Белгілі заңгер Балғынбек Имашевтан жұрттан жинап алған ақшаны қайтаруын талап етті
Коллаж: Kyn.kz

"Аманат хоум" салымшылары маған шығап жатыр көмек сұрап. Балғынбек Имашев сізге сеніп ақша салған денеңіздің бөлшектеріне ақшаларын қайтарып беріңіз жылатпай, ұят болады.  Мына видеодан кейін намаз оқитындар алдамайды дегенге сенесіңдер ме? 

Заңгердің сөзінше құқық қорғау органдары аталмыш мәселеге қатысты әлі де іс қозғамаған. 

ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК. Қылмыстық істі неге қозғамай отырсыздар?Міндетті түрде халық өзін-өзі өртеу керек пе? Бәрі арыз жазған екен, іс қозғалмай тұр деп жазып жатыр.  Жылдам қозғап жіберіңіздер. Балғынбек ағамыз арнауын сот залында айтсын!, - деп жазба жариялады Айгүл Орынбек. 

Заңгер көп балалы ананың Балғынбек Имашевқа алданғанын бөліскен. Тек ол әйел ғана емес, бір топ елордалықтың алданғанын парақшасында жариялаған.