Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Домбыра - харам»: Айшолпан Тілеутай ұлттық аспапқа араша түсті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде оранған қыздың домбыра тарту күнә деп айтқан бейнежазбасы тарады. Аталмыш видеоға қатысты белігілі айтыскер Айшолпан Тілеутай өз ойын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz 

«Домбыра - харам»: Айшолпан Тілеутай ұлттық аспапқа араша түсті (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Ақыркетте ұлтымызбен, ұлтшылдығымызбен өтпейміз, иманымызбен, некемізбен өтеміз. Мен домбыраға 5 жыл қатыстым. Домбыра тартқаным YouTube желісінде бар. Мектеп кезінде дін туралы білген жоқпын. Күні кешеге дейін домбыра тарттым. Бірақ домбыра – харам. Жүрекке тиді, кір екенін білінеді, – дейді видеодағы қыз.

Ал айтыскер ақын болса ұлттық аспапқа қатысты айтылған бұл сөздерге мән бермей отыра алмады. 

Бабаларымыздың қанша ғасыр бойы жинаған құндылықтарын бір сәтте жоққа  бұл шығаратын қандай дін?Түсінбедім. Ақыретке иманымызбен өтеміз. Ұлтымызбен өтпейміз дейді. Мына қыздың басы әбден айналып, қиял әлеміне ұшып кетіпті. Алла не үшін бізді әр түрлі ұлт етіп жаратты? Қазақтан бала туылғанда түрі де, сарқырап аққан қаны да, ата- бабасынан берілген гені де, қазақ деп тұрмайды ма? Бұл ақиқаттан сен бас тарта алмайсың.
Ал, дінге келсек Құранның қай жерінде домбыра харам деп жазыпты? Қандай дәлелмен сөйлеп отыр бұл қыз? Ғалымдардың айтуынша құранда 6236 аят болса, соның 550 аятының сырын ғалымдар ашыпты. Оның бір ғана негізі бар. Сен Құдай алдына барғанда жүректің тазалығын ғана сұрайды. Домбыра есірген адамды жөнге салса, жүрекке тыныштық пен мейірім сыйласа, жүрек тазалығы мен еміне құрал болса, бұның несі харам?

Өздеріңіз білесіздер діни сауатты уағызшылардың арнайы рұқсат қағазы болу маңызды. Бұл қағаз үшін адамдар қанша жыл үздіксіз білім алады ненің ақ, ненің қара екенін таныған сауатты, білімді, адамдар ғана алады. Домбыра ол жәй ғана музыкалық аспап емес,ол біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Домбыра қазақтың жүрегі!
Діні бар да, ұлты жоқ,
Сақалы бар да, мұрты жоқ.
Теке сақал, қырма мұрт,
Елдің түбіне сол жетер..., – деп жазды ақын.