«Күндіз – «иманка», түнде – «шайтанка»: Айгүл Орынбек хиджабқа оранған қыздың лас істері туралы айтты

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбекке әлдекім хиджаб киген бойжеткеннің ерсі қылықтары туралы баяндап, хат жазыпты. Сондай-ақ фотолар мен видеолар жіберген екен, деп жазады Paryz.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Күндіз – «иманка», түнде – «шайтанка»: Айгүл Орынбек хиджабқа оранған қыздың лас істері туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден

...Хиджаптағылардың бәрі періште емес!!!
Жекеме келген хаттан үзіндіні сіздермен бөлісейін, фото-видеоларын көрмей-ақ қойыңыздар! – деп жазған заңгер хатты тұтас жариялаған.

Хат мәтінінде хиджабқа оранып алып, лас істермен айналысып жүрген қыз баланың оқиғасы баяндалады. 

«Өте орынды айтып отырсыз. Бүркеніп алып, бүлдіріп жүргендер көөөп. Фактімен айтатын болсам, мен бір қызды танимын, Тараз жақтан. Шешесі әркімнен туып, жалпы некесіз 5-6 баласы бар, кейін сандалып жүріп бір сақалдыға тиіп, қазір типа хиджабта. Өзі білер. Енді содан некесіз туған қызы жер әлемді өртеп жүріп, пирамида Кюнетке елдің бәрін тығып, ақымақтардың миллиондарын қалтаға басып, Астанада жүр. Оранып алған, күндіз аксессуар, анау-мынау сатады да, түнде жалаңаш вид, суреттерін жарнамалап, жаман істермен айналысады. Күндіз көрсең, таңғаласың, 5 уақыт намазда, керемет оранып алған, Құдай өзі кешірсін, осы ма біздің иманды оранған қыздар... Оның айналасында қаншама қыздар жүр. Мен оның фото-видеоларын балам армияда жүргенде екеуі басында ортақ таныстары арқылы сөйлесіп жүреді де, кейін осындай сұмдықтарды жіберген ғой. Балам басқа «сотка» алып, бұрынғысын қызыма бере салады. Қызым «сотканы» тазартып отырғанда бір папкадан жаңағы қыздың сурет-видеоларын көріп, талып қала жаздаған. Оны маған айтуға ұялып, біраз уақыттан соң хабардар етті. «Мама, ол қыз осындай екен, өтірік оранып жүреді екен, бала араласпасын» деп. Мен де көріп, шошып кеттім. Факт керек болса - тұр.Үйіндегілерге: «қыздарың осылай, еге болыңдар» десем, «ол өзі біледі, намазда, жақында ұзатамыз», - дейді. Мейлі, өздері білсін, бірақ бір соры қайнаған алады ғой періште деп. Міне, қазіргі жастардың жабынып алған пердесі осындай. Болашақта не болады...
Ата-анасы «балам, қызым намазда, оранған» деп мәз, сыртта істеп жүргендері мынау, содан кейін бұларда ақша көп қой, бірнеше «точкасы» бар, отбастарында оны ашып беретіндей жағдай жоқ, көреалмаушылық деп түсініп қалмаңыз, дегенмен бұларды ақшалай қаржыландырып отырғандар бар деген сөз.
«Сөзіңізді дәлелдеңіз» десеңіз, менде дәлел көп, жіберемін.
Ол қыз басында Таразда жүрді, одан Алматыда, енді Астанада жүр командасымен, типа сауда жасайды. Бұл хатты аноним жария етсеңіз өзіңіз білерсіз, бірақ мен жазғанымды жария етпесеңіз, өтініш. Баламның өміріне қауіп төндіргім келмейді». 

 

Орынбектің оқырмандары да әдеттегідей пікір жазып, бейжай қалмаған.

ТикТокта түнімен отырады қара қарға құсап ... Бай қайда? Бала қайда? Жалпы, бізге ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ болмаса... болашағымыз бұлыңғыр», «Иман орамалда емес, жүректе болуы керек. Сенің жүрегіңде иман, ар-ұят болмаса, қанша жерден орансаң да сол қалпыңда қаласың. Сырт келбеттен бұрын жүрегіңді тазала. О дүниеде де сені орамал байлапты демейді. Адалдылық пен иманыңды сұрайтын шығар. О дүниеде сұраққа алатын болса», «Сізге қосыламын, дұрыс айттыңыз. Бізге әңгіме айтады ашық-шашық деп, біз көшеде жалаңаш жүргендей. Сақалдылар мен хиджабшылардың өзінде былықтар жетеді! Сапсиған сақалдары не керек, басында миы жоқ болса! Шаңды сүйретіп, бетін тұмшаланғанын қайтейін, ішінде не жатқанын бір өздері біледі! Қос-қос қатын алып, елдің отбасын бұзып, талақ айтатындар өңкей осындайлар!», «Масқара! Шет жағасын естіп жүрміз, бүркенгеннің бәрі иманды емес! Осындайлар біреудің жалғызына, бір момын балаға тиіп алад! Елді құртқан сайқалдар!!!, - деп жазып жатыр желі қолданушылары.