Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қазыбек ИСА: «Қазақстанның орман-тоғайларындағы өртті тоқту үшін «Орман шаруашылығы туралы» Заң баптарын қайта қарау қажет»

Мәжілісмен Қазыбек Иса «Paryz.kz» берген сұхбатында өрт шалған қарағайдың сыртқы қабығын ашып тастап, оны базарға шығарады екен. Біз өртендік деп, қайғырып отырғанда, бәз біреулер одан миллиардтаған қаржыны көріп отырғанға ұқсайтынын айтты.

Қазыбек ИСА: «Қазақстанның орман-тоғайларындағы өртті тоқту үшін «Орман шаруашылығы туралы» Заң баптарын қайта қарау қажет»
Сурет: sputnik.kz

Оның айтуынша,  «Орман шаруашылығы туралы» Заң баптарын қайта қарамайынша, Қазақстанның орман-тоғайларындағы өрт тоқтамайды.

«Өзбекстан мен Қытайға ағаш экспортын тоқтатуды да ойластыру керек. Мұның артында үлкен қылмыстық топтардың болуы да мүмкін.

Семей ормандарында өрт шығардың алдында 2-3 күн бұрын тексеруге барғандардың джип көлігін өртеп жіберген екен. Әңгімен осыдан бастап тексеру керек еді. Ол да қараусыз қалған. Мұның алдында «Семей ормандарының» басшылары сотталған. Бұл фактор да елеп-ескерілмеді. Мәселенің түп-төркіні ашылмаған соң, әрине, қылмыс қайталана береді» - деді Қ.Иса.

Толығырақ арнамыздан көріңіздер.