Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Ермұрат БӘПИ: «Қажет болса, Ереуілге шығамын»

Мәжілісмен Ермұрат Бәпи «Paryz.kz» берген сұхбатында "Каменка" асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға берілген жерді қайтару үшін аянбайтынын айтты...

Ермұрат БӘПИ: «Қажет болса, Ереуілге шығамын»
Сурет: Paryz.kz

- Біз – депутаттар Мәжілісте ақ тер-көк тер болып, Қазақстан халқынан ұрланған, талан-таражға түскен активтерді елге қайтаруға қатысты заңды қабылдап жүргенде, Алматы жақта "ескі" Қазақстанның Назарбаевтан қалған жебірлері мен жемқорлары қарапайым халықты қанауды жалғастырып жатыр. Нақтылап айтқанда, Нұрбол Болатұлы Назарбаев, Қайрат Сатыбалды мен Ахметжан Есімовтің нөкерлері және "қаңтар генералы" Серік Күдебаев Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты бұрынғы "Каменка" асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға берілген жерді көпе-көрнеу тартып алған, - деді Ермұрат Бәпи «Paryz.kz» берген сұхбатында.

Оның айтуынша, пайшылардың 274 гектар жері заңсыз жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге рәсімделген. Одан кейін екі мыңнан астам адамның үлесін "ИЖС"-ке айналдырып, оның едәуір бөлігі сатылып кеткен. Оларға Алматы облысы мен Қарасай ауданының прокуратурасы да көмектесе алмай отыр.

- Тартып алынған жердің біраз бөлігін экс-президенттің жақын адамдарының кәсіпорындарына рәсімделген. Жергілікті прокуратура мен полиция зарлаған халықтың емес, тойымсыз, тажал кланның мүддесін қорғауда, - деді депутат.

Қазіргі кезде пайшылар 274 гектардың жартысын мемлекетке қайтаруға келіскен. Өздеріне жартысын ғана қалдыруды сұрапты. Олар ереуілге шығуға дайын отыр. Егер олар ереуілге шығатын болса, мен де солардың қатарынан табылатын боламын дейді.

- Бұл мәселе әділетті түрде шешілуі үшін жер дауын аяқсыз қалдырмаймын! Егер іс тағы да назарбаевшыл адамдардың мүддесіне шешіліп, жер иелері зарлап қалатын болса, ел президентіне дейін барамын!, - деді Бәпи.