Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ҚАЗЫБЕК ИСА: «Өрт шалған қарағайдың қабығын алып тастап жарата беруге болады екен...»

Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса «Paryz.kz» ютуб арнасына берген сұхбатында «Қарағайға товар, ақша ретінде қарайды...» деді.

ҚАЗЫБЕК ИСА: «Өрт шалған қарағайдың қабығын алып тастап жарата беруге болады екен...»

Өрт шалған қарағайдың сыртқы қабығын ашып тастап, оны жарата беруге болады екен. Сөйтіп оны базарға шығарады екен. Біз өртендік деп, қайғырып отырғанда, бәз біреулер одан миллиардтаған қаржыны көріп отырғанға ұқсайды. Соған қарағанда «Орман шаруашылығы туралы» Заң баптарын қайта қарайтын уақыт келді. Тек сонда ғана өрт тоқтайды.

Өзбекстан мен Қытайға ағаш экспортын тоқтатуды да ойластыру керек. Мұның артында үлкен қылмыстық топтардың болуы да мүмкін.

Осының алдындағы  Аманқарағайдағы өрт ЮНЕСКО-ның бастамасымен әлем тойлаған ұлт ұстағы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық тойын тұншықтырды.

Мұнда әрине жауапсыздық пен жайбасарлықтың нышаны бар. Сол өрт шығардың алдында 2-3 күн бұрын тексеруге барғандардың джип көлігін өртеп жіберген екен. Әңгімен осыдан бастап тексеру керек болатын. Ол да қараусыз қалған. Мұның алдында «Семей ормандарының» басшылары сотталған. Бұл фактор да елеп-ескерілмеді. Мәселенің түп-төркіні ашылмаған соң, әрине, қылмыс қайталана береді» - дейді Қ.Иса.

Толығырақ арнамыздан көріңіздер.