Бізге визалар да берілмейді. Елдегі бар инвесторлар кетуге мәжбүр болады. Мысалы соғыс басталғалы Ресейден бір жылдың ішінде 1500 ірі компаниялар кетті. Ол дегеніңіз – салықтар түспейтін болады. жұмыс орындары жабылып, жұмыссыздық белең алады деген сөз. Бұл енді экономикадағы мультипликативтік эффекті.
Жақында ғана Өзбекстанда болдым. Сонда байқағаным: бір ғана машина құрастыру заводының маңында 200-ден 300-ге дейін шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Лампочка, полик, шөтке, плафон жасайтын компаниялар жұмыс істеп тұр. Машина құрастыру заводы жабылса, соның барлығы жабылады. Ашылса, барлығы ашылады. Жұмыс орындары болады, - деп тұжырымдады У.Қайсаров.
Егер, агрессор мемлекетке қол ұшын беруді тоқтатпасақ, осындай нашар сценарийдің бізде де орын алуы ғажап емес...