Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров: «Қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде түс көретін адам ғана елін сүйе алады...»

Халық бізідің экономикамыздың нашарлағанын білуі керек. Өйткені біздің мемлекетіміз 30 жылдан бері жер асты  қазба байлықтарымызды шет елдік компанияларға тым арзанға беріп келді.

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров: «Қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде түс көретін адам ғана елін сүйе алады...»
Сурет: tengrinews.kz

Мәселен «Теңіз Шевройл» компаниясы коррупциялық жолмен  өздеріне тиімді контрактіге қол жеткізді. Жалғыз мұнай ғана емес, мыс, темір, уран да осы жолмен кетіп жатыр. Қазақстандағы мұнайдың 40 пайызы Қытайға тиесілі. Көмір де солай. Екібастұздағы «Богатырь» разъезі ресейлік компанияға тиесілі. Енді жақында арабтың компаниясы ШҚО энергетикалық объектілерді алмақ. Сондықтан, ел экономикасы жылдан-жыға құлдырамаса, еңсесін көтеретін шамасы болмай тұрған сыңайлы...

Осы секілді күрделі мәселелерді шешу үшін біздің үкіметімізге саяси ерік-жігер керек. Яғни, бүкіл шетелдік компаниялармен осыған дейін жасалған келісім-шарттарды қайта жасау керек. Егер бұл қадамға қабілетті болмаса, онда халықтың әл-ауқатын түсіріп аламыз. Экономикада мүдделер балансы деген ұғым бар. «Теңіз Шевройлмен» келісім – шарт жасалған тұста мұнайдың 1 барельі 9 АҚШ доллары болған.  Біздің экономикамызға олар 10 АҚШ долларымен келіп, үстінен 20 АҚШ доллар пайдасын көреміз деп келді. Одан бері мұнайдың баррельі 100-150 АҚШ долларына дейін көтерілген кездер болған.

Сондықтан, бізден алған өнімнің үстіндегі 20 АҚШ доллары көлеміндегі пайдаларыңды көре беріңдер, ал одан артығы ол- Қазақстанның байлығы деуге әбден болады. Егер осыған біздің билігіміздің ұшар басындағылар баруы керек. Сонда оны үкімет те орындайды, шетелдік компаниялар да орындайды. Ол үшін біздің биліктің бойында елін сүйетін батырлық, патриоттық сезім болуы керек. Ал, егер биліктегілер қазақ тілінде сөйлемесе, онда қандай патриоттық сезім болады?

Қазірдің өзінде бюджет жеткіліксіздігі сезілуде. Бюджет дефициті деген не? Оның соңы станоктан ақша басып шығаруға әкеліп соғады. 2023 жылдан кейін  инфляцияға жол ашылмаса деген секем бар...