Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Ассамблея артық ұйым ба?

Ассамблея артық ұйым ба?
Сурет: assembly.kz

Ассамблея негізінен кезінде Н.Назарбаевтың өкілеттілігін соза түсу үшін құрылған ұйым болатын. Ел ішінде тіпті тұрмыстық деңгейдегі әр ұлт өкілдерімен анда -–санда бас көтеріп қалатын келіспеушіліктер орын алғанда осы Ассамблея басын бұғып, үн-түнсіз қалады. Олар тек декорация ретінде үстеріне ұлттық киімдерін киіп алып, өлең айтып, би билеу үшін ғана керек пе деп ойлап қаламын.

Ал, саяси проблемаларды шешуге келгенде Ассамблея қауақарсыз. Олардың өкілдері парламентте отыр ғой, мәжілісте көптеген ұлттың өкілдері онысыз да бар. Соның өзі жеткілікті. Ал, сенатқа квотамен қосымша мандат беру артық.

Ассамблея сияқты артық ұйымды ұстап отырғанша, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп алу керек. Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілде таза сөйлей біліп, сауатты жаза білуін талап ету керек. Сонда Ассамблеяның өздігінен еш қажеті болмайды.

Мәселен, Балтық жағалауы елдерінде мемлекеттік қызмет тұрмақ, егер мемлекеттік тілді білмесе, дүкенге сатушылыққа алмайды. Осындай қарапайым қажеттілікті туғызу керек.