Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНАН ҚАНШАЛЫҚТЫ САБАҚ АЛДЫҚ?

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНАН ҚАНШАЛЫҚТЫ САБАҚ АЛДЫҚ?
Сурет: egemen.kz/article/306813

Назарбаев тұсынан алдымен экономика, сонан соң саясат деген қате ұстанымның жетегінде келдік. Қазіргі кезде де өзгерген дәнеңе жоқ. Негізі  саясат – ол экономиканы реттейтін заңдылық. Егер саясат алға шықпаса, онда сол экономиканы реттейтін заңдар жұмыс істемейді. Басқаша айтқанда, саясат адамдардың құқықтары мен бостандығы дегенді білдіреді. Егер азаматта бостандық болмаса, оның құқықтары шектеулі болса, онда ол құл. Яғни адамзат үшін бұл – прогресс емес, регресс. Кері кету деген сөз. Дамыған елдерде алдымен саясат. Сонан соң ғана экономика.

Енді жанар-жағар майға оралсақ, Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыты бар. Ал, мұнайы жоқ Белоруссияда 5 мұнай өңдеу зауыттары бар. Қызығы белоруссияда мұнай бағасы көтерілген жоқ. Ал, Қазақстанда бензиннің бағасы жылда көтеріледі десек болады. Бұл нені білдіреді? Мұнай өндіріпотырған Қазақстанның өз мұнайының жоқтығын білдіреді. Мысалы «Теңіз-Шевройлды» алып қарасаңыз, олар контракті бойынша, 2050 жылға дейін өндірген мұнайының 80 пайызын өздері әкетеді. Қазақстанның үлесі 20 пайыз. Сондықтан, біздің елімізде  баждарды, акциздарды, салықты, бағаны көтеру арқылы бюджет толады. Соның өзінде  2023 жылдың бюджетіне көз салсаңыз, бюджеттік дефицит40 пайыз. Бұл нені білдіреді? Бұл экономикамыздың шамасы төмен екендігін көрсетеді. Сондықтан қазіргі үкіметтің бағаны көтеруден өзге амалы жоқ...

Бірақ, мұның соңы жақсылыққа апармайды. Қаңтар оқиғасы – жай нәрсе болып қалады. Өйткені бұл - халықтың жаппай көтерілісіне әкелуі мүмкін... Енді ОДКБ-ның әскері кіре алмайды. Сондықтан, биліктегілердің дені елден кетуге мәжбүр болатын сыңайлы. Бұның соңы анархияға әкеліп соғуы әбден мүмкін . Осыған дайын болу керек. Жанар – жағар май бағасының көтерілуі –сол дағдарыстың басы болуы кәдік. Ал, үкімет мұны түсінбей отырған сыңайлы. Өйткені, халық өз бетінше өмір сүруде, билік өз бетінше. Бірін бірі түсінбе отырғандай. Ең үлкен проблема осында. Бұл алдымен экономика, саясат соңында деген принциптің салдары.

Біздің елімізге инвесторлардың келуінен кету көрсеткіші көөрсеткіші көбейіп тұр. 2022 жылы Қазақстаннан 35 млрд доллар инвестиция кетті. Бұл жұмыс орындарының жабылуы, салықтардың азаюы деген сөз. Бұл экономикамызды күрделі жағдайға жеткізеді. Сондықтан бұл үлкен проблема.

Жергілікті билікте де дағдарыс бар деуге болады. Кім қысқартуға түседі? Көкесі жоқ, апасы жоқтар түседі. Ал, білімді, тәжірибелі қарапайым мамандар алдымен қысқартуға ұшырайды.