Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Экс-сенатор Уәлихан ҚАЙСАРОВ: «СЕНІП КЕЛІП, СЕНДЕЛІП ҚАЙТҚАН ЖОҚ ПА?»

Жұмыссыздық – бұл үлкен қоғамдық, әлеуметтік, әрі экономикалық проблема. Меніңше бұл қоғамдық құбылыстың бірі.

Экс-сенатор Уәлихан ҚАЙСАРОВ: «СЕНІП КЕЛІП, СЕНДЕЛІП ҚАЙТҚАН ЖОҚ ПА?»

Біріншіден, біздің экономикмызды құртып жатқан сыбайлас жемқорлық екенін мойындауымыз керек. Жаңаөзендік мұнайшылар Астанаға не үшін келді? Олар еңбек ететін компания жылда-жылда тендерді жеңіп, биыл жеңіліп қалған.

Экономистердің дені білуге тиісті: 2023 жылдан бастап, жыл сайын Қазақстанда 320 мың жұмыс орны пайда болуға тиісті. Өйткені, 1990 жылдың баснда Қазақстанда демографиялық жарылыс болған. Сол кезде туған балалар мектеп, колледж, институт бітіріп, мамандық алып, олардың еңбекке араласатын кезі келді.

Сондықтан, батыстағы мұнайшылар түгілі бүкіл Қазақстанда жаңа 1 млн жаңадан жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан, жұмыссыздық мәселесі басты мәселе. Үкіметтің бұл мәселені қалай шешетінін мен әлі түсінбеймін. Бұл мәселе тек Жаңаөзенде ғана емес, өзге де өңірлерде пайда болады. Бұл мәселе Шымкентте де Алматыда да маңызды. Мұны тек күштік құрылымдардың күшімен емес, экономикалық тұрғыдан шешу керек.

Кешегі батыстан келген мұнайшылардың проблемасы тек Жаңаөзеннің ғана емес, бүкіл елімізге тән проблема.

Сондықтан, мемлекет басшысы болсын, үкімет басшысы болсын осы мәселені фундаментальді тұрғыда шешуге тиісті.