Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мәскеуден түсетін қоңыраудан қорықпасаңдар, сепаратистерді соттаңдар! - Шораев

Белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев өзінің Facebook-тегі парақшасында Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловқа және Ішкі істер министрі  Марат Ахметжановқа үндеу жасады, деп жазады Paryz.kz тілшісі.

Мәскеуден түсетін қоңыраудан қорықпасаңдар, сепаратистерді соттаңдар! - Шораев
фото: inform.kz

Оның айтуынша, Петропавлдағы сепаратистердің барлығын бір адамдай соттау керек.

"Қызылжардағы сепаратистердің үстіне қылмыстық іс қозғағандарыңа бес тәулік өтті. Бас прокурор Асылов мырза, Ішкі істер министрі Мұхамеджанов мырза мінез көрсетер кез келді. Өздерің білетіндей дәл осы 10 жыл алдын Донецк, Луганск қаласында осындай сепаратистер бас көтерген болатын. Сол кездегі ресейшіл Украинаның прокурорлары үн қатпады. Соның нәтижесінде сол қалалар оккупацияға ұшырады, Қырымды басып алды.

Сендерге дәл сондай нәтиже керек пе? Сендердің немерелерің соғысқа автоматпен барғанын қалайсыңдарма? Сол сепаратистерді отырғызыңыздар, тікілей эфирде көрсетіңіздер сол сотты. Сонда басқа оңбаған Ресейді қолдап жүрген сепаратистердің тілі байланып қалсын. Сендер оларды бір адамдай соттауларың керек. Егер сендер шынымен намысшыл болсаңдар, Мәскеуден түсетін қоңыраудан қорықпасаңдар, соттаңдар сепаратистерді! Егер сендер қатаң жазаламасаңдар, бұл неге апарып соғатынын жақсы білесіңдер". - дейді ол.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстанда сепаратистер Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарғанын жазған болатын.