Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Зейнетке шығу жасы қаншалықты әділетті?

Былтыр мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаев әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 жас деп бекітетін заңға қол қойып, бұл мәселе 2028 жылға дейін жабылды.

Зейнетке шығу жасы қаншалықты әділетті?
Сурет: kz.kursiv.media

Әйтсе де бұл мәселе бойынша еліміздегі көптеген әйелдер соншалықты разы емес. 

Өткен YІІ шақырылымдағы Парламент депутаты Аманжан Жамаловтың пікіріне сүйенсек, «Еңбек және халықты қорғау министрлігінің зейнеткерлік жасты көтеруге екі дәлелі бар: біріншісі – өмір сүру ұзақтығының өсуі.

Екіншісі – зейнеткерлік жасты ұлғайту есебінен зейнетақының өсуі. Статистикаға сүйенсек, соңғы 3 жылда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 77 жастан 75,5 жасқа төмендеген. Сондықтан, қазақстандық әйелдердің тірісінде демалғысы келетінін түсінуге болады» -дейді.    

Біздің ойымызша, кәрі – құртаңның есебінен ел экономикасын өркендеткенше, жұмыссыз жүрген жастардың әлеуетін пайдаланған дұрысырақ болатын сияқты. Сіз не дейсіз?