Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Қымбатшылыққа қарсы түк істей алмайды»: Журналист қайта тағайындалған Смайыловты сынға алды

Журналист әрі қоғам белсендісі Оңғар Қабден өзінің Facebook-тегі парақшасында Премьер-министр лауазымына қайта тағайындалған Әлихан Смайыловты сынға алды, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі.

«Қымбатшылыққа қарсы түк істей алмайды»: Журналист қайта тағайындалған Смайыловты сынға алды
коллаж: paryz.kz

Оның айтуынша, Смайыловтың қымбатшылыққа қарсы түк істей алмайтыны бесенеден белгілі.

Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын Әлихан Смайвловқа тағы бір мүмкіндік беріліпті. Кедендік Одақ пен Еуразиялық Одақтың "жемісін" жеп отырмыз. Бұрын бізге тауардың 55-60% Ресей арқылы кіретін. Қазір ол компаниялар санкцияға байланысты Ресей нарығын тастап кетті де, біз тауарды тікелей әкелетін болдық. Бұл өз кезегінде бізге екі-үш есе қымбатқа түсіп жатыр. Ресей-Украина соғысы аяқталмай осы қымбаттағаны қымбаттаған, - дейді журналист.

Былтыр біздің экономикамыздың екі жарым үш есеге өсуін Смайыловтың еңбегі деп шешсе керек орнында қалдырыпты.

Парламент дауысқа салғанда су жаңа депутаттар Үкіметбасын бірауыздан қолдамай 7 депутат қарсы шығып, сегізі қалыс қалыпты. Бұл енді біздің Мәжілісте сирек болатын оқиға. Парламенттің бірінші отырысына келмей қалған жүрекжұтқан біреуі кім екен?  Ал, Сіз кім премьер-министр болса екен деп ойладыңыз? Досаев па? Аймағамбетов па? Мен мысалы, соттылығын жойып, Жәкішев пен Жақияновтың біреуін тағайындаса деп едім, - деп жазды ол.