Қуат Хамитов ащы шындықты айтып Қазақстан жеңісін «күл қылды»

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчінде Данияны ұтқанына (3:2) қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қуат Хамитов ащы шындықты айтып Қазақстан жеңісін «күл қылды»
фото: әлеуметтік желіден

"Қазақстан футболының бірде-бір жеңісіне қуанбаймын. Несіен қуанасың, айналаға қараңызшы, халық деген 30 жыл бойы күнін әзер көруде, жұмыс жоқ, орташа табыс 80 мың ғана, азық-түлік қымбат, медицина жоқ, адамдар қарызға кіріп жүр. Соған қарамастан халықтың аузынан жырып, салық төлейді, ал осының бәрі қайда кетеді!? Футболға ма!? Мұндай жеңістер кімге керек, пайдасынан зияны көп болса!

Халықтың ақшасын құртпай өз күшімен жеңгенде ғана футболды сыйлай бастаймын! Солай істей алатындарыңды дәлелдеңдер, ер екендеріңді. Ал былай... Айтпақшы, осы уақытқа дейін далаға кеткен қанша ақшаны да қайтару керек!" - деп жазыпты Хамитов Instagram желісінде.