«Наташа ұнады ма?»: Имам орыс қызын жар етіп алғысы келетін жігіттерге ақыл айтты (ВИДЕО)

Көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танымал болған Нұрлан қажы Байжігітұлы «Орыс ұлтының қызын алуға бола ма?» деген оқырманның сұрағына жауап берді, деп жазады Paryz.kz тілшісі.

«Наташа ұнады ма?»: Имам орыс қызын жар етіп алғысы келетін жігіттерге ақыл айтты (ВИДЕО)
Фото: meme-arsenal.com

Имамның айтуынша, басқа ұлттың қызы дінді қабылса да, қабылдамаса да, шариғатта алуға болады, бірақ өз ұлттыңнан алғанға жетпейді.

«Не болды?, Айгүл, Сандуғаш, Перизат дегендер бітті ма не? Наташа ұнады ма? Енді көр енді, дінді қабылса да, қабылдамаса да, шариғатта алуға болады, бірақ өз ұлтты алғанға жетпейді. Осыны түсіңіздер! Ұрысқанға да жақсы, ағайынға сіңгені жақсы. «Өзің өлтірмейді, жат жарылқамайды» деген жақсы сөз бар да қазақтың. Сондықтан өзіндікі жақсырақ болады», ― деп жауап берді Нұрлан Имам.