Оның айтуынша, кейінгі кезде түсірілген фильмдердің көпшілігіндегі диалогтар - тұнған боғауыз.
"Youtube-арнасына жүктелген бейәдеп тілді кинолардың қаралымы миллиондап саналады. Өкініштісі, бұл "өнімдерге" танымал театр, кино актерлерінің де түсіп, өскелең ұрпақтың санасын улап, жастарды әдеп пен ибадан қашықтатуға барынша "үлес" қосып жүргендерін көріп жүрміз.
Кино - ең мықты идеологиялық құрал. Фильм арқылы адамның санасын асқақтатып, рухани байытуға да, азғындатып, құлдыратуға да болады. Өте үлкен көлемде айыппұл салып, қатаң жазалауды осы саладан бастау керек", - деп жазды ол.