Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мұхтар Тайжан: осындай қазыналы елдің халқының кедей болғанына үкімет пен "Аманат" (Нұр-Отан) кінәлі

Үкімет бізге әлемдік азық-түліктің инфляциясы туралы айтып бізді жұбатып жатыр дейді  қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің Facebook парақшасында деп жазады Раryz.kz.

Мұхтар Тайжан: осындай қазыналы елдің халқының кедей болғанына үкімет пен "Аманат" (Нұр-Отан) кінәлі
Facebook жеке парақшасынан

"Айналайындар, әлемде азық-түліктің шығындары орташа отбасының бюджеті бойынша 20% аспайды. Ал біздің орташа отбасының бюджеті үшін азық-түліктің шығындары 100%-ға барады. Тіпті өте көп адамдардың ақшасы тамаққа жетпей, қарызға сатып алып отыр ғой! Каспи редпен де өмір сүріп жүргендердің да саны аз емес. Кей отбасылар бір ай бойы етті көрмей жүр!

Сондықтан халықтың құлағынан тебу науқанын қойыңдар. Мәселе әлемдік инфляциясында емес, мәселе Қазақстан азаматтарының төмен күнкөрісінде! Тура айтқанда - кедейшілігінде!

Ол тікелей "Аманат" (нұротан) мен үкіметтің кінәсі"- деген қоғам белсендісі Facebook жеке парақшасында.