Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров: қымбатшылыққа жол бермеу үшін - банктердегі базалық ставканы көтермеу керек еді

Базалық ставканы көтеру –Ұлттық банктен екінші деңгейдегі банктерге беретін несиелердің пайызы көтеріледі деген сөз. Орта және шағын бизнеске алынатын несиелерге пайыздың өстенін білдіреді. Яғни, тауарлар мен қызмет құнының қымбаттауына әкеліп соқтырады. Бұл тұтынушылардың қалтасына әсер етеді. Сөйтіп, инфляцияны көтереді. Өркениетті елдерде инфляцияның деңгейін түсіру үшін банктердегі базалық мөлшерді түсіреді. Ал, бізде керісінше. Бұл - биліктегі шенеуніктер мен банк басқрушыларының арасында қандай да бір сыбайластықтың барлығын көрсетеді деді  "Сұрауы бар" арнасында қонақта болған саясатке Уәлихан Қайсаров деп жазады Рaryz.kz  ProjectXKazakhstan сілтеме жасап.

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров: қымбатшылыққа жол бермеу үшін - банктердегі базалық ставканы көтермеу керек еді
Видеодан кадр

  Бұл тұста мемлекет басшысы тікелей араласып, осы Ұлттық банктің базалық ставкасын көтеруге шектеу қойып, пайыздық көрсеткішті түсіруге мүдделі болуға тиісті. Бұған Президенттің ерік – жігері керек. Дүние жүзі Ресейге санкция салғандықтан, баға күрт өсуде. Осы кезде Ресей банктер үшін базалық көрсеткішті 8 пайызға түсірді. Бізге де осы шараны қолға алу керек еді.Қазірдің өзінде Ресейдің кәсіпкерлері біздің банктер мен айырбастау пункттерінен Евро, доллар тұрмақ, теңгені де әкетуде. Соңғы3 айда рубль 6 теңгеден 8 теңгеге көтерілді. Бұл  қауіп теңгеміздің құнсызданғанын көрсетеді. Басқаша айтқанда бір айда доллардан теңге 15 пайызға құнсызданды. Ресейдің Центрбанкі біздің осы осал тұсымызды пайдалануда. Біздің алтын-валюталық қорымыз рубльге шаққанда азаюда. Ұлттық банк өз кезегінде осыдан 4-5 ай бұрын айырбастау пункттеріне рубльді қабылдауға шектеу қоюға тиісті еді. Бұл туралы біз үкіметке де, мемлекет басшысына да, Ұлттық банкке де жеткізген болатынбыз. Ұлттық банк әлі  күнге дейін бұған көз жұмып отыр.

Дүкендердегі азық-түлік тауарлары қазірдің өзінде көтерілген.Мысалы кей дүкендерде қанттың  орташа бағасы 1 мың теңгенің маңайында. Кеше ғана картоп сатып алдым. 1 килограмы 260 теңге. Өткен күзде 160 теңге болған. Қазір сезоны ғой, соның өзінде қарбыздың килосы 150 теңге. Былтыр 50 теңге болған. Министрлеріміз жағдайды тыныштандырғанның орнына қант жемеймін, бал жеймін дейді. Бұдан асқан сорақылық жоқ. Балдың құны қанттан қанша есе қымбат? Министрлеріміздің көбі не істеп отырғанын өздері түсінбейді. Ленин айтқандай, «низы не могут, верхи не хотят». Қазіргі кезде жұмысы барлардың өздерінің тапқан табысы отбасын  асырауға толық жетпейді. Кейбір адамдар тамақтың өзін несиеге алуда. Ломбард пен банкке жүгінетін ел көп. Жетпеген соң, несие алады. Халықтың 95 пайызы амалсыз кредитке кірген. Оны қалай қайтарады? Қазір халықтың тұрмысы нашар. Күзде экономикалық жағдай бұдан да төмендейді. Мұның бірнеше факторы бар:  экономикалық саясатымыз дұрыс емес,  Ресейге салынған санкцияның әсері бар, құнсызданған ресей рублі елдегі барды әкетуде. Экономикамыз осындай себептермен төмендей бермек.

Ал, Үкіметтің сауда орындарындағы бағаны  қадағалауы таза популизм. Біздің экономикамызды тек экономикалық  заң арқылы реттеуге болады. Қантты 100 теңгеге сат деп сауда орындарына кім айта алады? Ондай төмен баға қайда бар? Нарықтық бағадан төмен бағамен өндіру – өнім өндірушілер үшін тиімсіз. Нарықтағы бағаны монетарлық саясатпен ғана реттеуге болады. Бағаға негізі үкімет емес, ұлттық банк жауапты.