Заңсыз жолмен алынған қаржыларды Қазақстанға "сыйға тарту" жолымен емес, халықаралық соттар арқылы қайтару керек деп есептейді экс-сенатор Уәлихан Қайсаров. Жақында Atameken Business-те сөйлеген сөзінде осы мәселеге тоқталды деп хабарлайды Рaryz.kz www.youtube.com/channel сілтеме жасап.
Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров елге капиталды қайтару "ерікті түрде мәжбүрлеп" қайтарылуда.
"Бұл өте күрделі мәселе. осыдан 3-4 жыл бұрынғы көрсеткішбойынша Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері 500 млрд $ шығарылған. Сенатор болған кезден мәлім болған ақпар бойынша ай сайын Қазақстанна 4-5 млрд $ шет елдерге шығарылан. Соған қарағанда 500 млрд $ деген сан шындыққа жанасатын сияқты. Дәлосы тұста мына бір жағдайға назар аудару қажет: ия, Баспрокуратура бұл активтердің елімізге қайтарылуын сұрауы мүмкін. Бірақ, демократиялық мемлекеттерде, әсіресе АҚШ мен Еуропадан бұл қаржы жәйдан-жай қайтарылмайды. Олар тек, соттың, қазақстандық соттың шешімімен ғана қайтарылады. Ал, шешімді осы елдер (АҚШ, Ұлыбритания. – ескертпе inbusiness) шығарады деп атап өтті У.Қайсаров.
Бұл пікірмен тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев та келіскен.